Көршілес өзбек еліне газ Қазақстан арқылы тасымалданады

Қазақстан мен Өзбекстанның ұлттық газ операторларының компаниялары Ташкенттегі тұтынушыларға өзбекстандық табиғи газды Қазақстан территориясы арқылы тасымалдап жеткізу туралы келісімге қол қойды.

Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі Podrobno.uz басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Қазасқтандық “КазТрансГаз” компаниясының мәлімдеуінше, өзбек газын еліміздің территориясы арқылы жеткізу туралы келісімге екі елдің экономикалық және өңіраралық тығыз байланыс орнату жөніндегі жаңа бағдарламаға сәйкес қол қайылған.

“Өзбек газын Қазақстан территориясы арқылы тасымалдау қыс мезгілінде Ташкент қаласын отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді” деп хабарлаған “КазТрансГаз”.

Келісім шарт бойынша, Қазақстан территориясы арқылы бір миллиард текше метрге дейін өзбек газы тасымалдануы тиіс. Келісім қол қойылған күннен – 2018 жылғы 29 желтоқсаннан бастап күшіне енген.

Өзбек газы “Газли – Шымкент” және “Бұхара газды ауданы – Ташкент – Бішкек – Алматы” газ құбыры желісі арқылы тасымалданады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған