Астанада ай сайын 1,4 мың шағын және орта бизнес субъектілері ашылады

 

Елордада жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21,9% – ға артты, жұмыспен қамтылғандар саны 6,2% – ға өсті, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іскерлік белсенділіктің және ең алдымен кәсіпкерліктің өсуіне “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының қосқан үлесі зор. 2010 жылдан бері бағдарлама бойынша 177,3 млрд теңгені құрайтын 1 028 жоба, оның ішінде 2018 жылы – 32,3 млрд теңгеге 132 жоба мақұлданған.

Бағдарламаның әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары. Оның дәлелі бұл осы уақытқа дейін сақталған 9 мыңнан асатын және жаңадан ашылған 5,3 мың жаңа жұмыс орны.

Сондай-ақ, аталған бағдарлама аясында кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім өндіру көлемі 17,7% – ға артып, жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 21,9% – ға, жұмыспен қамтылғандар саны – 6,2% өсті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған