Елімізде ерлерге қарағанда әйелдер шынымен көп пе?

Иә, бірақ бұл статистика тек 58 (әйел) және  62 (ер) жастан асқан егде адамдарға ғана қатысты. Ал оған дейін әйелдерге қарағанда негізінен ерлердің саны басым болып келеді. Сондықтан, жұртшылыққа кеңінен таралып кеткен, әсіресе жігіттер арасында жиі айтылатын «бір еркекке 8-9 қыздан келеді» деген тұжырым түбірімен өтірік, әншейін бос сөз. Бұған «әйелдерге қарағанда еркек кіндіктілер көбірек туылатын» жаратылыс заңдылығы да, нақты статистика деректері де

айқын дәлел.

Мысалы, Статистика комитетінің бұлтартпас деректеріне сүйенсек, 2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, туғаннан 15 жасқа дейінгі халық саны 5 млн 340 мың 822 адам болса, соның 2 млн 746 мың 424-і ер, 2 млн 594 мың 348-і қыз балалар болған. Ерлер санының басымдығы 16 мен 62 (әйелдерде 57) жас аралығындағы халық көрсеткішінде де сақталады. Бұл көрсеткіш 63-тен ары қарайғы жас көрсеткішінде ғана күрт өзгеріп, әйелдердің саны ерлерден жарты миллионнан астамға асып түседі. Статистика мәліметтеріне қарағанда, 63 тен асқан ер азаматтардың саны 584 446 болса, 58-ден асқан әйелдердің саны – 1 млн 470 мың 159.

2018  жыл басындағы Қазақстан Республикасы халқының жынысы мен жекелеген жас құрамы бойынша саны 

Жалпы саны18 млн 157 мың 337Соның ішіндебарлығы
ерлерәйелдер 

 

18 157 337

8 791 2989 366 039
0-15 жас аралығындағылар
ерлерәйелдербарлығы
  2 746 4742 594 3485 340 822
     
16-62 (57 әйелдер) жас аралығындағылар
  ерлерәйелдербарлығы
  5 460 3785 301 53210 761 910
     
63(58) жастан жоғары
  ерлерәйелдербарлығы
  584 4461 470 1592 054 605

Бұл жерде ерлер санының неліктен кем түсетіні де түсінікті – аталарымызға қарағанда әжелеріміз ұзағырақ өмір сүретіні белгілі жайт.

Айтпақшы, Статистика комитеті сайтындағы халық санының есептеуіші бойынша қаңтардың 13-і күні Қазақстан халқының саны 18 млн 400 мың 740 адамнан асты.

авторы: Ақбәкі Төрежан, ulus.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған