Иә, бірақ бұл статистика тек 58 (әйел) және 62 (ер) жастан асқан егде адамдарға ғана қатысты. Ал оған дейін әйелдерге қарағанда негізінен ерлердің саны басым болып келеді. Сондықтан, жұртшылыққа кеңінен таралып кеткен, әсіресе жігіттер арасында жиі айтылатын «бір еркекке 8-9 қыздан келеді» деген тұжырым түбірімен өтірік, әншейін бос сөз. Бұған «әйелдерге қарағанда еркек кіндіктілер к
өбірек туылатын» жаратылыс заңдылығы да, нақты статистика деректері де
айқын дәлел.
Мысалы, Статистика комитетінің бұлтартпас деректеріне сүйенсек, 2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, туғаннан 15 жасқа дейінгі халық саны 5 млн 340 мың 822 адам болса, соның 2 млн 746 мың 424-і ер, 2 млн 594 мың 348-і қыз балалар болған. Ерлер санының басымдығы 16 мен 62 (әйелдерде 57) жас аралығындағы халық көрсеткішінде де сақталады. Бұл көрсеткіш 63-тен ары қарайғы жас көрсеткішінде ғана күрт өзгеріп, әйелдердің саны ерлерден жарты миллионнан астамға асып түседі. Статистика мәліметтеріне қарағанда, 63 тен асқан ер азаматтардың саны 584 446 болса, 58-ден асқан әйелдердің саны – 1 млн 470 мың 159.
2018 жыл басындағы Қазақстан Республикасы халқының жынысы мен жекелеген жас құрамы бойынша саны
| Жалпы саны | 18 млн 157 мың 337 | Соның ішінде | барлығы | |||||||
| ерлер | әйелдер |
18 157 337 | ||||||||
| 8 791 298 | 9 366 039 | |||||||||
| 0-15 жас аралығындағылар | ||||||||||
| ерлер | әйелдер | барлығы | ||||||||
| 2 746 474 | 2 594 348 | 5 340 822 | ||||||||
| 16-62 (57 әйелдер) жас аралығындағылар | ||||||||||
| ерлер | әйелдер | барлығы | ||||||||
| 5 460 378 | 5 301 532 | 10 761 910 | ||||||||
| 63(58) жастан жоғары | ||||||||||
| ерлер | әйелдер | барлығы | ||||||||
| 584 446 | 1 470 159 | 2 054 605 | ||||||||
Бұл жерде ерлер санының неліктен кем түсетіні де түсінікті – аталарымызға қарағанда әжелеріміз ұзағырақ өмір сүретіні белгілі жайт.
Айтпақшы, Статистика комитеті сайтындағы халық санының есептеуіші бойынша қаңтардың 13-і күні Қазақстан халқының саны 18 млн 400 мың 740 адамнан асты.
авторы: Ақбәкі Төрежан, /
