Елімізде аты-жөні бірдей қанша адам бар?

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректеріне қарағанда, 2018 жылдың  1 шілдесіне дейін елімізде аты, тегі және әкесінің аты толықтай сәйкес келетін 520 159 адам тұрады екен.

Ал тегі мен аты бірдей адамдардың саны 9 миллионнан асып жығылады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2017 жылы ең көп қойылған есімдердің тізімін Әлихан бастаған болатын. Сол секілді қыздарға қойылған есімдердің ішінен Айзере, Айару бірінші орында болды. 2017 жылы Астананың өзінде ғана жаңа туған 405 нәрестеге Айзере есімі қойылған.

ulus-aqparat

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған