Жерді жалға алудың екі әдісі

      Пікір жоқ on Жерді жалға алудың екі әдісі

Қазақ елінің кең байтақ жері бізге атадан мұра болып қалған баға жетпес қазына. Оның маңызы әр қазақстандық үшін әрқашан бірінші орында. Сондықтан да жер туралы заңнама, әсіресе оны аграрлық тұрғыда пайдалану үнемі қоғамның жіті назарында. Ауылшаруашылық мақсаттағы жер алудың шарттары мен әдістері туралы мәліметімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Жалға алу құқығы кімдерге тиесілі?

ҚР Жер кодексіне сәйкес, ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа және фермерлік шаруашылықтар жүргізуге арналған. Жер учаскелеріне ауыл шаруашылын жүргізуге қатысы жоқ құрылыс нысандарын, соның бірге тұрғын үйлер, жеке тұрғын үйлер салуға рұқсат етілмейді.

2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының жеке меншігіне ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді сатуға рұқсат етілмейді.

Жалға алу құқығы Қазақстан Республикасының шетелдік үлесі жоқ жеке тұлғалары мен заңды тұлғаларына ұсынылады: біріншіден, ҚР азаматтарына 10 жылдан 49 жылға дейін мерзімге және оралмандарға 25 жылға дейінгі мерзімге шаруа немесе фермерлік шаруашылық жүргізуге; екіншіден, ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғаларына 49 жылға дейінгі мерзімге ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге беріледі.

Жерді кім және қалай береді?

Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді беру құқығына мемлекет атынан жергілікті атқарушы органдар: Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудан әкімдіктері иелік етеді.

Шаруашылық мақсаттағы бос жатқан жерлер туралы ақпарат әкімдіктердің интернет-ресурстарында немесе мерзімдік басылымдарда жарияланады.

Жер алудың бірінші әдісі

Әкімдіктер ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге жер учаскілерін жалға беру туралы жиі байқаулар өткізіп тұрады. Бұл байқауды ұйымдастырушы байқау өткізгенге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей мерзімдік басылымдарда және әкімдіктің ресми интернет-ресурсында байқау өткізілетіні туралы хабарландыруды жариялайды.

Сол байқауға арнайы құжаттарды жинап, конкурстың барлық кезеңінен өтіп, жерді жалға алу мүмкіндігіне ие болуға болады.

Жер алудың екінші әдісі

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес (48 бап) мемлекеттің меншігіндегі жер учаскелерін ҚР заңды тұлғаларына беру немесе жер учаскелерін жалға берудің инвестициялық жобасын іске асыру үшін байқаудан тыс жүзеге асырылуы мүмкін.

2018-2027 жылдарға арналған Етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде фермерлер мен шаруа қожалықтарының жайылымдық жерлерді алу мүмкіндігі бар

Ол үшін инвестициялық жобаны республикалық деңгейде индустрияландыру картасына немесе жергілікті деңгейде аймақтардың кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу қажет.

Жобаларды іріктеу 2016 жылғы 27 қаңтардағы №32 «Жобаларды индустрияландыру картасына және аймақтардың кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізудің ережесін бекіту туралы» (Ереже) ҚР Үкіметінің Қаулысымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған