Доллар бағамы алты теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 372,51 теңгені құрады, деп хабарлады Kase.kz.

Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 372 теңге, ал ең жоғарысы – 374,5 теңге болған. Сауда көлемі 33,55 млн долларды құрады. Сауда-сатыққа KASE валюталық нарығының 19 банкі қатысты.

Жұма күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 379,15 теңгені, күндізгі сессияда 377,56 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 378,12 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 132,3 млн доллар болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған