
Астанада әкімдіктің қолдауымен желтоқсанның 8-і мен 31-і аралығында “Биг шанхай” базарында әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді.
Онда қала тұрғындары жаңа жыл қарсаңында ет-сүт өнімдерін, жеміс-жидек, көкөніс, макарон мен кондитерлік және өзге де азық-түлік тауарларын төмендетілген бағамен, тікелей өндірушілерден ала алады.
Шараға шамамен 200-ге жуық отандық азық-түлік өндіруші кәсіпорындар қатысады деп жоспарланып отыр.
