Астанада дамуында ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерге арналған коворкинг-орталық ашылды

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен елордада дамуында ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерге арналған коворкинг-орталық ашылды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының ресми сайтында мәлімделді.


Орталықтың ашылу салтанатына  «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова қатысты.

Т. Дүйсенованың айтуынша, үкіметтік емес ұйымдарды қазіргі кездегі саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени салада қоғамның дамуында елеулі рөл атқарады.

Коворкинг-орталықтың негізгі бағыттары отбасында өмір сүрудің тиімді жағдайларын қарастыру. Сонымен қатар, отбасылық өмірге дайындықты жан-жақты қарастыру, балалардың бойына ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып тәрбиелеу үшін жағдай жасау, балаларды қорғау және  қиын жағдайға душар болған отбасыларға қолдау көрсету ашылған орталықтың басты міндеті.

Жаңадан ашылған орталықта арнайы балаларды оқыту, жұмысқа орналастыру және әлеуметтендіру қарастырылған. Мысалы, орталықта компьютерлік сауаттылықты, бухгалтерлік есепті, жеке брендті, SMM, копирайтингті үйрететін арнайы курстар өткізіледі.

Орталықта ата-аналар оқумен немесе жұмыспен айналысып отырғанда, балалар үнемі ойын алаңындағы педагогтар мен психологтардың бақылауында болады.

Аталған жоба Сорос-Қазақстан қорымен, сондай-ақ Қазақстандағы АҚШ елшілігімен және Астана әкімдігінен қолдау тауып құрылды.

«Сорос-Қазақстан» қоры, атап айтқанда, кәсіпкерліктің негіздері және компьютерлік сауаттылық бойынша оқу орталығының бағдарламасы бойынша арнайы 60 анаға тегін оқыту курстарын ұйымдастырды.

Сондай-ақ, отбасында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен тағы 50 әйел және Қазақстандағы АҚШ елшілігінің гранты арқасында жалғызбасты аналар коворкинг орталықта арнайы кәсіпкерліктің негіздеріне арналған курстан өтеді. Оларға шеберлік сыныптары мен дәрістерді АҚШ Мемлекеттік департаментінің түлектері, кәсіпкерлер және тәжірибелі мамандар өткізетін болады.

Курс аяқталған соң, әйелдер үлкен инвестицияларсыз өз бизнесін бастау дағдыларын меңгеріп шығады.

 

 

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған