Жаркентте қылмыскерлер поштаны тонап, 280 млн теңгені жымқырып кеткен

Әлеуметтік желіде Жаркент қаласында қылмыскерлер поштаны тонап кеткені туралы ақпарат жүр. Алайда Алматы облысы Панфилов аудандық полиция бөлімі бұл ақпарат туралы әзірше түсінік берген жоқ.

Жаркентте поштаны тонап кетті

«Қазпошта» акционерлік қоғамының Жаркент қаласында орналасқан бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалып, ұрылар аса қомақты қаржыны үптеп кетті. Оқиға 2019 жылғы ақпанның 23-нен 24-іне қараған түні сағат 01:30 – 02:00 аралығында орын алған. Үш адамнан тұратын қылмыскерлер тобы артқы қызметтік есігінің кодтық құлпын ашу арқылы пошта ғимаратына енген. Күзетшіні байлап тастап,  кодын ашу және  кілті арқылы қойма есігін де ашқан. Болжам  бойынша қарақшылар 280 миллионнан астам теңгені тонап кеткен. Оқиға орнында Панфилов аудандық ішкі істер бөлімінің тиісті мамандары жұмыс істеуде», – делінген әлеуметтік желіде таралған ақпаратта.

Алматы облыстық Полиция департаменті де бұл ақпаратты әзірше растаған жоқ.

авторы: Айдар Оспанбатыр

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған