Қазақстанда ет бағасы қымбаттаған

      Пікір жоқ on Қазақстанда ет бағасы қымбаттаған

Елімізде етті көп тұтынатындар қатарында көшті Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстары бастап тұр. Жалпы ет және ет өнімдерін тұтыну бір тоқсанда екі пайызға өскен, – деп хабарлайды Ranking.kz.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, бір жылда ет түрлері мен ет өнімдерінің барлық түрі қымбаттаған.

Мысалы, жылқы етінің құны – 10,5 пайызға өскен. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен екі жүз теңгеге қымбыт. Былтырғы жылы бір келі жылқы еті орта есеппен – 1745,5 теңге болған.

Бір жыл ішінде 7 пайызға өскен шошқа етінің бір келісі 1302,5 теңге тұрады (бір айда 0,2 пайызға өскен). Сиыр етінің бағасы бір жылда 6,7 пайызға өсіп, ал бір айда 0,9 пайызға өсіп, бір келі еті 1743,1 теңгеден сатылып жатыр.

Бір айлық көрсеткіш бойынша тауық еті едәуір қымбаттаған – 1,5 пайыз, бір келі ет – 798 теңге (бір жылда – 6,4 пайыз) Қой етін тұтыну ҚР аумағында 22 пайызға өсіп, бір тоқсанда әр адам 1,9 келі етті тұтынған.

Сонымен қатар, қала тұрғындары арасында қой етін тұтыну көрсеткіші 45 пайызға өскендігі байқалған.

ҚР үй шаруашылығында ең көп тұтынатын ет түрі – сиыр еті: әр адам бір тоқсанда 5,7 келі тұтынады екен. Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 3,2 пайызға кем.

       

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған