Тегін дәріні сатқандар жазаланады

      Пікір жоқ on Тегін дәріні сатқандар жазаланады

Денсаулық сақтау министрлігі тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектердің сатылып келгенін анықтады.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша,  2017 жылдың соңында тегін дәрілер алған кейбір пациенттерге қоңырау шалынып, сауалнама жасалған. «Жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде олардың шамамен 20 пайызы дәрі-дәрмекті алмағаны  анықталды. Ал ақпараттық жүйеде бұл пациенттер препаратты алған деп тіркелген. Осының негізінде министрлік қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елдің барлық өңірлерінде медициналық ұйымдарда жоспардан тыс тексеру жүргізуде. Нәтижелері бойынша проблемаларды жою, ал кейбір жағдайларда тәртіптік жаза қолдану бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады», – деді министр бүгін өткен Үкімет отырысында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған