Солтүстiк Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақылдар жиналды

СҚО әкiмдiгiнiң отырысында майлы дақылдарды жинау науқанының қорытындылары шығарылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында хабардар етілді. Республика бойынша егістік алқаптарын әртараптандыру бойынша осы өңір көш бастап тұр. Аталған аймақ диқандары ағымдағы жылы  1 млн. га жуық аумаққа майлы дақылдарды еккен. Бұл елiмiздегi жер көлемнiң 36 пайызын құрайтын көрсеткіш.

СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мәлiметi бойынша, биыл 931 мың тонна майлы тұқым қамбаға бастырылды. Айта кетерлігі, гектар берекелiгi 10 центнерге дейiн жеткен.

Майлы дақылдарды өсiру — жоғары табысты бизнес. Биыл олардың бағасы да өскен. Мысалы, рапстың тоннасы 133 мың теңге, ал былтырғы жылы оның құны 127 мың теңгенi құраған болатын. 1 тонна зығыр үшiн 105 мың теңге сұрайды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 15 мың теңгеге қымбат. Күнбағыстың бағасы 110 мыңнан 115 мың теңгеге дейiн өскен. Бұл iшкi нарықтағы құны, экспорттық баға одан да жоғары.

” Егiстiк алқаптарын әртараптандыру бағыты дұрыс. Биыл майлы дақылдар алқаптарын 976 мың гектарға дейiн жеткiздiк. Жақсы өнiм жинадық. Майлы дақылдардың бағасы өстi. Тиiсiнше, түсiм мен еңбек өнiмдiлiгi артады. Майлы дақылдар бидайға қарағанда 2,5 есеге қымбат”, – дедi облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған