Сібір елігін атқан браконьерлер қамауға алынды

Қостанай облысында сібір елігін атқан браконьерлер қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қостанай облысы табиғат қорғау полициясының қызметкерлері «Қостанай-Мамлютка» бағытындағы жолда «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігін ұстады. Көлік салонында жүргізуші және екі жолаушы болған. Тексеру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері көліктің жүк салғышынан сібір елігі мен екі мылтықты тапты.

«Тексеру барысында қарулар жолаушылардың біріне тіркелгендігі анықталды. Күдіктілер Қостанай ауданына аң аулауға келген. Олар Меңдіқара ауданының тұрғындары болып шықты. Олардың сібір елігін атуға рұқсат қағазы болған жоқ», – дейді полиция департаментінен.

Күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігімен («Заңсыз аң аулау») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған