IMEI-кодты тіркету – ұрлықтың алдын алу

      Пікір жоқ on IMEI-кодты тіркету – ұрлықтың алдын алу

 

Ағымдағы жылы елімізде 38 мың ұялы телефон ұрланған. Ұрланған құрал тек қана ақша көзіне айналмай, сондай-ақ қылмыс жасаудың құралына айналған.

Еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Виталий Ярошенко бұл мәселені IMEI-кодты тіркеу арқылы ғана шешуге болатынын алға тартып отыр.

«Мәселен, ұялы телефоныңыз ұрланса, Ішкі істер министрлігіне барып, арыз жазасыз. Тәртіп сақшылары телефоныңызды табу үшін тергеу амалдарын жүргізеді. Ал бұл ретте «имей-кодты» тіркеу құқық қорғаушылардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Бұдан бөлек, енді ұрланған телефондарды қолдануға мүмкіндік болмайды. Тұтынушы ұялы телефоныңыздан сим картаны алып шығып, өзінің нөмірін салса, бұл телефон жұмыс істемей қалады. Бұл жерде мемлекет тарапынан жаһандық немесе жаппай бақылау туралы әңгіме болып отырған жоқ», – деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Виталий ЯРОШЕНКО.

Тәртіп сақшыларының айтуы бойынша, алдағы уақытта IMEI-кодты тіркеу үшін қолайлы жағдайлар қарастырылады. Яғни, кодты тіркеу процесі қиындық тудырмайды.

Айта кетерлігі, 100 ұрлық фактісінің 23-і ұялы телефонға қатысты екен. Осыған дейін полицейлер ұрланған құрылғыны кім және қандай мақсатта пайдаланғанын анықтау киынға соғатын дейді.

Енді кезекте барлық республика азаматтары телефондарын тіркейтін болса, бұл шара әлдеқайда жеңілдейді.

Інжу Балтабекқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған