Дональд Трамп Қайрат Омаров бастаған қазақстандық делегацияны қонақ етті

БҰҰ ҚК төрағалық ету мерзімінің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының делегация мүшелері АҚШ-тың президенті Дональд Трамппен түскі тамақ ішіп, Холокост мұражайы мен Анкост- Болинг әскери базасын аралады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

АҚШ президенті Дональд Трамп қонаққа шақырған түскі аста өзінен басқа Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон, Ақ үй аппаратының бастығы Джон Келли мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Герберт Макмастер болды. Дастархан басында Солтүстік Кореяны ядролық қарусыздандыру, Сириядағы қақтығыстарды шешу жағдаяттары, терроризммен күрес сияқты жаһандық мәселелер талқыланды.  АҚШ президенті Ауғаныстандағы жағдайға айырықша мән берді. Талибан жанкештілері бейбіт елді қырып, теракт жасауын тоқтатар емес деді.

Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ ҚК Төрағасы ретінде көпшіліктің назарын Нұрсұлтан Назарбаевтың қаңтар айында АҚШ -қа жасаған ресми сапарындағы қол жеткізген келісім-шарттардың орындалу барысына аударды. Ақ үй басшысы бұл сапарды сәтті деп санап, Қазақстан президентіне сәлемін жолдады.

Түстеніп болған соң, БҰҰ ҚК делегация мүшелері Сирия қақтығысында құрбан болғандардың құрметіне салынған Холокост мұражайын аралады.

Ал Анакост – Болинг әскери базасында делегация мүшелеріне Сауд Арабия Корольдігі аумағындағы бейбіт тұрғындарға Иемендегі Хусит көтерілісшілер  қолданған түрлі қарулар мен баллистикалық ракеталардың қалдықтары көрсетілді.

БҰҰ ҚК -нің көптеген мүшелерінің пікірінше, Кеңес делегациясының Вашингтонға сапарын, Трампен кездесуін Қазақстанның БҰҰ -на  төрағалық етудегі тарихи табысты сәттерінің бірі болмақ.

Дереккөз: Bnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған