Дума депутаты әріптестерін ресми Астанаға алаңдаушылық білдіруге үндеді

Ресейлік депутат Алексей Журавлев Қазақстанның латынға өтетіндігіне байланысты Мемлекеттік думаның Астанадағы әріптестеріне алаңдаушылық білдіруі қажет деп санайды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

 Дума отырысында Журавлев Қазақстанда орыстілді азаматтардың үлкен шоғыры тұрып жатқанына, қазір олардың құқықтары еш шектелмегеніне  тоқталып өтті. Алайда, депутат «бірақ ертең мәселе туындауы мүмкін және оған біз араласуға мәжбүр боламыз» депті.

  «Бізге бүгін үнсіз қалуға болмайды. Біз тым құрығанда Мемлекеттік дума атынан Қазақстандағы әріптестерімізге алаңдаушылық туралы мәлімдеме жіберуге міндеттіміз. Бүгін әлі де болса шешуге болады, келіңіздер осы мәселені көтерейік. Латынға көшу – Ресей Федерациясына достық ниеттегі қадам емес, бұл айқын нәрсе» деді Журавлев думаның планерлық отырысында.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы қазанның 27-де ҚР Президенті қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған