Бразилия ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, жыныстық қатынасқа бейім адамдар тезірек қартаяды.

Мамандар егеуқұйрықтарға жасаған эксперименттен кейін осындай қорытындыға келді. Рио-Гранде-ду-Сул университеті ғалымдарының мақаласы Biogerontology журналында жарияланған. Бұл туралы ресейлік лента.ру хабарлайды.

Бір реттік сома теориясы бойынша, организмге берілген энергия көлемі шектеулі болады да, ол метаболизмді қолдауға, зақымдалған тканьдерді қалпына келтіруге, ұрпақ әкелуге кетеді. Көбеюге неғұрлым көп күш жұмсалған сайын, тканьдер мен органдарды қалпына келтіруге жауап беретін механизмдер энергияны аз алады. Соның нәтижесінде ағза қартаю бастайды.  

Жас ұлғаюына қарай болатын өзгерістердің негізгі механизмі – сутегінің белсенді түрлерінің (СБТ) синтезі болып табылады. Бұл молекулалар жоғары реакция қабілетіне ие, сондықтан ол жасушалық мембраналарды қышқылдандырады, ДНҚ-ны зақымдайды және гомеостазды бұзады. СБТ – жанама өнім, ол митрохондрияларда пайда болады. Ал митрохондриялар метаболизмге қажет энергия өндіруге жауап береді. Сексуалдық белсенділік пен ұрпақ әкелу көп энергияны қажет ететін процестер болғандықтан, олар сутегі радикалдары генерациясын күшейтуі мүмкін.

Зерттеу кезінде ғалымдар 80 егеуқұйрыққа сынақ жасады. Екі айлық мақұлықтар төрт топқа бөлінді және3, 6, 12 және 24 ай өмір сүрген соң оларды өлтіріп отырды. Әр топтың өзін екіге бөлді: біріншісіне ұрғашы егеуқұрықтарды қосты, екіншісінде тек аталықтары болды. Өлген соң органдары мен тканьдерін тексерген кезде бірінші топта, яғни көбейген егеуқұйрықтарда қышқылдану жүктемесі көп болған. Және ең қызығы, клеткаларды ең көп зақымдайтын нәрсе – жас кездегі сексуалдық белсенділік болып шыққан.   

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту