
Испания корольдік академиясының анықтамасы бойынша, мастурбация деген – адамның өз жыныс мүшесі мен эрогенді жерлерін қолмен немесе басқа да тәсілдермен стимуляциялау жолымен жыныстық ләззат алу.
Мастурбация көп уақыттан бері ұят, тіпті зиян нәрсе саналып келеді, алайда мұның шындыққа еш қатысы жоқ. ВВС Mundo осылай деп жазады. Және ғалым пікіріне сүйене отырып бірнеше дәлел келтіреді.
Мамандардың айтуы бойынша, мастурбация жағымды ғана нәрсе емес. Оның денсаулыққа пайдасы да бар. Андролог және сексолог Мариано Росельо Гайя мынандай бес пайдасын атап көрсетеді.
Менструальдық ауру кезінде көмектеседі
Мастурбация менструальдық цикл кезіндегі ауруларды және басқа да гинекологиялық симптомдарды толықтай баса алады.
Егер менструация кезінде жасаса ауру басылады, қабынуды тоқтатады және бүкіл кезең бойына дискомфортты төмендетеді. «Оргазм кезінде қанға сңіетін заттардың бәрі менструальдық ауруларға қарсы анальгетик сияқты әсер етеді. Гениталия аймағындағы тырысуды басады» дейді ол.
Иммундық жүйені күшейтеді
Sexual and Relationship Therapy журналы жариялаған нәтижелерге қарағанда, онанизммен айналысатын еркектердің иммундық жүйесі мықтырақ жұмыс істейді.
«Эякуляция кезінде ұрық бөлінуі ерлерде ұрық шығатын жолдардың жұмысын күшейтеді, бұл инфекциялардың пайда болуына кедергі жасайды. Зерттеулер жиі оргазм алатын адамдарда А иммуноглубинінің деңгейі жоғары болатынын көрсетті. Бұл – иммунитетке жауап беретін қарсы денелердің бірі» дейді дәрігер.
Бұл ғана емес. Мельбрундағы Рак эпидемиясы орталығы жүргізген зерттеу бойынша, аптасына бес реттен көп мастурбация жасайтын 20-50 жас аралығындағы ерлерде ракпен ауру қаупі төмен болады екен.
Ал әйелдерде ол эндометриоздың дамуына кедергі жасайды. Эндометриоз – бедеулікке апаратын аурулардың бірі. Мастурбация сонымен қатар түрлі инфекциялардың алдын алады. Өйткені, ол кезде жатыр мойны ашылады да мокроталардың, басқа іріңдердің шығуына көмектеседі.
Ұйқыны жақсартады
Ұйқысыздықпен күрестің сан түрлі жолы бар. Алайда, соның ең қауіпсіз, жағымды әрі табиғи жолы – мастурбация. Бұл әсіресе еркектерге қатысты.
Маманның айтуы бойынша, оргазмнан кейін қанға көптеген гормондар, эндорфиндер, катехоламиндер және цитокиндер құйылады. Бұл ұйқыны келтіреді. «Мұның дәлелі өткен жылы Францияның Медициналық зерттеулер кеңесі жасаған баяндама кезінде айтылды. Басқа да көптеген зерттеу жұмыстары оны дәлелдеді» дейді ғалым.
Сонымен қатар мастурбация жалпы денсаулықтың жақсаруына жағдай жасайды, әрі биологиялық, әрі психологиялық тұрғыда.
«Эндорфиндер мен катехоламиндердің босауы стресс деңгейін төмендетіп, көңіл-күйді көтереді» дейді Росельо.
Бұл да ештеңе емес.
Рактан құтқарады
Австралия ғалымдары жасаған зерттеу нәтижесі бойынша, мастурбациямен жиі айналысатын еркектерде қуықалды безінің рагіне шалдығу қаупі төмен болады. New Scientist ғылыми журналы жариялаған мәліметке қарағанда, 20 жаста аптасына кемінде бес рет эякуляция болған ер адамдарда қуық рагімен ауру қаупі 30% аз болады екен. Алайда, оның себебін нақтылау үшін әлі де зерттеулер жасау керек дейді ғалымдар.
