
Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті Кеңкияқ ауылында атыс болды деген ақпаратты тексеріп жатыр.
Айта кетерлігі, Кеңқияқта атыс болғаны туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде жарияланғанымен, облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі бұл мәліметті растамаған болатын.
Нақтырақ айтсақ, фейсбукте Ақтөбенің Кенқияқ ауылында полиция қызметкерлері өзара атысты деген ақпарат тарап кеткен болатын. Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақпарат расталған жоқ.
«Қазіргі күні ақпараттың қайдан шыққаны туралы тексеру жүріп жатыр. Қызметтік тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайын қосымша хабарлаймыз»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпара т агенттіктеріне берген жауабында.
Айта кетерлігі, Ішкі істер органы ондай ақпаратты растамағынамен, ауыл тұрғындары арасында полиция қызметкерлерінің өзара атысқаны, төбелескені туралы әңгіме айтылып жатыр. Тіпті бір полиция қызметкерінің қатты соққы алғаны туралы да сөз болған.
«Ауыл ішінде хабар тез тарап жатыр. Қопа ауылының учаскелік полиция қызметкері соққыға жығылған екен. Біреулер атысты, біреулер төбелесті деп айтты. Біз өміріміз үшін қорқамыз, ел алаңдап отыр»,- деді аты-жөнін жасырын қалдыруды өтінген ауыл тұрғыны.
Айта кетейік, Кеңқияқ ауылы бұған дейін де атыс болып аты шыққан еді. 2011 жылы Ақтөбе облысы, Шұбарши, Кеңқияқ ауылдарында болған террорлық актіден соң мұндағы полиция қызметкерлерінің саны екі есеге артқан. Кейіннен ауылда полиция қызметкерлеріне жаңа ғимарат пайдалануға берілген болатын.
