Орталық Азияда тұрғындары алкогольді ең көп ішетін елдердің көшін Қазақстан бастап отыр.

Бұл туралы «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы» «Саулықтың әлемдік статистикасы» атты баяндамада жария етті деп хабарлайды CA-News.org.

Ал Еуропа аймағына қатысты елдер арасында Қазақстан 19-орында тұр. Мұнда бір адам жылына орташа 8,7 литр ішімдік ішеді.

Ең аз «ішетін» елдер қатарында Түркия – 1,9 литр, Македония 2,8 литр және Тәжікстан бар (2,9 литр).

Орталық Азиядағы өзге елдердің көрсеткіші мынадай: Өзбекстан – 5,1 литр, Қырғызстан мен Түрікменстан – 5,5 литр, Моңғолия – 7,8 литр.

Еуропада ішімдік ішу жөнінен лидер – Литва. Мұнда өткен жылы әр адам жылына орташа 16 литр арақ-шарап ішкен. Екінші орында Беларусь (15 литр), ал 3-орында Латвия (13 литр) тұр. Ресей мен Польша бұл көрсеткіш бойынша 4-орында (12 литр).

ДДҰ өкілінің айтуынша, ішімдікпен күрес мәселесіндегі ең тиімді шешімдер – оған қолжетімдікті шектеу, жарнамасына тыйым салу және баға саясатын реттеу. Ішімдікті көп ішетін елдерде арақ-шарап тиісінше қолжетімді.

Аймақтар бойынша, ішімдікпен күрес мәселесі Батыс Еуропада жақсы нәтиже беруде. Одан кейін – Шығыс Еуропа. Ал ТМД елдерінде бұл мәселе қиын күйінде қалып отыр.

пікірлер  

0 #4 Ішетін қазақ
Сізге жауап Трезвый қазақ:
Сізге жауап Ішетін қазақ:
Енді ТМД-да бірінші орынға шығу керек

Сен сияқты ішетін қазақтар аман болса әлемде бірінші орынға шығатын күн алыс емес шығар

Өз салам бойынша еліміздің әлемдік көшбасшылар қатарына үлес қосып жатқанымды мақтан етем.
жауап беру
+1 #3 Техас
Әйтеуір өзбектерден алда екенбіз.
жауап беру
0 #2 Трезвый қазақ
Сізге жауап Ішетін қазақ:
Енді ТМД-да бірінші орынға шығу керек

Сен сияқты ішетін қазақтар аман болса әлемде бірінші орынға шығатын күн алыс емес шығар
жауап беру
0 #1 Ішетін қазақ
Енді ТМД-да бірінші орынға шығу керек
жауап беру

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту