Әлемдегі ең бақытты елдердің көшін Финляндия бастап тұр.

Бұл туралы БҰҰ World Happiness Report-тың жыл сайынғы есебінде айтылған.

БҰҰ World Happiness Report ішкі жалпы өнім, жемқорлық, еркіндік, өмір ұзақтығы, әлеуметтік қолдау сияқты көрсеткіштерге сүйене отырып 156 елдің ішіндегі ең бақытты мемлекеттерді атайды.  Былтыр 5-орыннан көрінген Финляндия биыл Норвегияны кейін сырғытып, рейтингте көш бастап тұр. Алғашқы ондыққа Норвегиядан басқа Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланд, Канада, Жаңа Зеландия, Швеция және Австралия мемлекеттері кіреді екен. Ең бақытсыз елдер ретінде Оңтүстік Судан, Орталық Африка Республикасы және Бурунди танылған.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту