
Бір жарым шақырымға классикалық үлгіде өткен спринттік жарыста шаңғышы Александр Колядин бірінші орынды иеленіп, қазақстандық паралимпиадашылар қоржынына алтын жүлде салды.
Айта кетейік, Кореяда өткен қысқы Олимпиадада қазақстандық спортшылардан тек Юлия Галышева ғана қола медаль иеленген болатын. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысатын паралимпиадада зор ерік-жігер танытқан Колядиннің бұл жеңісі нағыз ерліктің үлгісі екені анық.


.jpg)