Әлеуметтік желіде қоғамдық орында тапай түсте ұялмай жыныстық қатынас жасап жатқан екі жастың видеосы жарияланды.

Оқиғаны Алматы тұрғындарының бірі түсіріп алған, оның айтуынша жағдай қаланың Самал-2 шағынауданында болған болған. Видео алғаш "Вконтакте" желісінде жария етілді. 

Желі қолданушылардың көпшілігі "Хайуандар!", "Арсыздар!" деп ашулы пікірлер айтып жатыр. Алайда, олардың ішінде мұны романтикаға балаушылар, "Пәтер жалдауға ақшалары жетпеген, тек мүшеқапқа жеткен ғой" деп "жанашырлық" білдірушілер, тіпті оқиғаның толық нұсқасын тауып беруді сұраушылар да бар. Ал кейбіреулердің ойынша, осыны түсіріп тұрған адамның өзі де ұятсыз.

Бұдан бұрын Алматыда көшенің қақ ортасында, ары-бері өтіп жатқан адамдарды елеместен автокөлік ішінде жыныстық қатынас жасап жатқан екі жастың видеосы жұртшылықты дүрліктірген болатын.

Ал оңтүстік астананың ішіндегі мына жағдай тіпті сорақы еді. Қоғамдық орында скамейка үстінде тән рахатына берілген екі жастың жанынан адамдар өтіп кетіп жатты.

Осындай оқиғалардың қатарында Павлодарда түсірілген мына жағдай да бар. Екі жастың не істеп тұрғаны мезгіл түн болса да анық байқалады.

 

 

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту