
Қоғам қайраткері, тележүргізуші Нұрлан Ерімбетов бүгін түнде дүниеден өтті.
Әзірге нақты себебі айтылмағанымен, Н.Ерімбетовтің соңғы кезде денсаулығы болмаған сияқты. ҚазАқпараттың мәліметіне қарағанда, ол Ұлттық онкология және трансплантолония ғылыми орталығына ем қабылдау үшін жатқызылған. Бірақ бүгін түнде қайтыс болған.
Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы 1960 жылы 28 мамырда Қызылорда қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтын бітірген. Әр жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, «Отан» саяси партиясының хатшысы, «Отан» партиясының төраға міндетін атқарушысының хатшысы, «Арна» АҚ вице-президенті, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы төрағасының кеңесшісі, «Мәдени фронт» ұйымы басқармасының төрағасы болып еңбек етті. «Астана» телеарнасындағы «Ашық студия» қоғамдық-саяси ток-шоуының авторы және жүргізушісі болды. 2013 жылдың сәуірі мен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін - «Қазақстан Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, 2017 жылдың 31 наурызынан бастап - «Самұрық-Қазына» АҚ омбудсмені болды.
Артында жұбайы мен, екі ұлы қалды. «Құрмет» орденімен марапатталған.


.jpg)