Мишель Обама бұрынғы АҚШ президенті Барак Обаманың қарапайымдылығын тілге тиек етіп, оның сегіз жыл бойы бір смокинг пен бір туфлиді ауыстырмай киіп келгендігі туралы айтты
, деп хабарлайды РИА Новости.
«Адамдар менің қандай туфли кигенімді, қандай алқа таққанымды суретке түсіріп, әңгіме етіп жүріп, сегіз жыл ішінде Барак Обаманың тек бір ғана киіммен жүргендігін аңғармай да қалды», - деді Apple Worldwide Developers Conference конференциясында АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы.
«Ол (Барак Обама - автор) осы ісі үшін өзіне риза болатын және жиналуыма небәрі он минут ғана уақыт кетеді деп мақтанатын», - деп атап айтты Мишель.
