Қазіргі таңда аулалардан, жеке үйлердің бақшаларынан шамамен 15 000 текше метр су шығарылды. «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ күштері мен құралдары жұмылдырылған. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мотопомпалар мен инертті материалдардың көмегімен суды тоқтатуға әрекет етуде.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Аягөз ауданындағы жағдай бір қалыпқа түсті. Үйлердегі су кетті. Аудандық әкімдікте су басқан үйлер мен зардап шеккендері анықтау үшін 4 топ құрылды, оның құрамына №50 өрт сөндіру бөлімінің өкілдері кірді. Көшірілген адамдар мектеп-интернатқа орналастырылды. Оларға ыстық тамақ ұйымдастырылған. Адамдардың бір бөлігі туыстарына орналасты. Қазіргі таңда Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Аягөз өзенінің бойына барлау жасауда.

(

Су шығару және аумақтар мен жолдарды тазалау жұмыстары Өскеменде де жалғасуда. Қалалық өрт сөндіру бөлімдері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Әр бөлімше шығу аудандарында шоғырланған. Бір күн ішінде мекенжайлар 3-4 рет ауысуы мүмкін. Жұмысқа өрт сөндіру сорғылары да қосылған. Бір тәулікте қалалық өрт сөндіру бөлімдері коммуналдық қызметтермен бірлесіп шамамен 120 рет шақыру орындарына барды.

Осы уақытта «112» желісіне қоңыраулар келіп түсуі жалғасуда. Соңғы 24 сағатта шамамен 3000 қоңырау тіркелді. Әр өтінішті ШҚО ТЖД дағдарыс орталығындағы жедел штаб қарастырды.

Қазіргі таңда өңірде күн суыту байқалуда. Алайда, синоптиктер 13-15 наурыз күндері облыстың оңтүстік аудандарында күндізгі ауа-райының жылып, жаңбыр түріндегі жауын-шашынның болатынын болжады, бұл өз кезегінде қардың бұдан әрі қарай еріп, жергілікті және ағыстың болуына әкеп соғуы ықтимал.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған