Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласындағы арнайы операция барысында 35 күдікті ұсталып, 33-і қамауға алынған.

Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Лоскутованың айтуынша, ұсталғандар негізінен кеден органының, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері екен. Арасында Қырғыз Республикасының үш азаматы да бар.  Соттың санкциясымен 33 күдікті қамауға алынды.

«Арнайы операция барысында мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай аймағында орналасқан Алтынкөл, Қалжат және Қорғас кеден бекеттері, Қазақстан-Қырғызстан аймағында орналасқан Қордай мен Қарасу бекеттері мен Қазақстан-Өзбекстанның Сарыағаш, Қазығұрт, Атамекен, Қапланбек шекара аймақтары арқылы контрабандалық тауарларды тасымалдау схемалары анықталған. Атап айтқанда, Қазақстанға контрабандалық тауарлар Қытайдан тікелей, сондай-ақ Қырғызстан арқылы кедендік әкімшілеудің «көлеңкелі» сызбасын, жалған құжаттарды және аз ғана мөлшер етіп көрсетіп әкелінген. Қылмысқа кедендік рәсімдеу және жүкті алып жүруді қамтамасыз ететін кедендік органдар мен шекара қызметінің кейбір лауазымды тұлғалары көмек көрсеткен. Тауарлар Қазақстанның ірі қалалары мен Ресейге жолданып отырған. Мемлекеттік шекараның Қазақстан-Өзбекстан аймағында кедендік өткізу бекеттері арқылы тауарларды өткізуді жылдамдату үшін кеден қызметкерлері пара алған. Контрабандалық іс-әрекетті жалғастыру үшін күдіктілер ірі көлемде ақшалай сыйақы беріп құқық қорғау органдары тарапынан «қамқорлық» іздеген», - деді Оксана Лоскутова.

 Ресми өкілдің дерегінше, жүргізілген іс-шаралар барысында барлығы 8 ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Аталған деректер бойынша экономикалық контрабанда, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым мен трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу және парақорлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып кетті.

 «Сот санкциясы негізінде 76 тінту жүргізіліп, нәижесінде едәуір сомада ұлттық және шетел валютасында ақшалай қаражаттар, зергерлік бұйымдар, құқық беретін және бухгалтерлік құжаттар, кедендік декларациялар алынды. Контрабандалық жүктер тиелген екі автокөілк ұсталды. Ақша қаражаттары мен басқа да материалдық құнды заттардың шығу көздері сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тексерілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ведомствоаралық тергеу жедел тобымен жүргізілуде. Қылмыстық іс Бас прокурордың бақылауына алынды», - деді Лоскутова.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған