Швециядағы Уппсала қаласының полицейлері бай қайыршыны қолға түсірді

 The Times-тың жазуынша, оқиға былай болған: швециялық полицейлерге  «жолға жетпей тұр» деп көшедегі халықтан қайыр сұраған қайыршының «тіленшілік» әдісі күдік тудырған. Өйткені әлгі қайыршының мінезі де шатақ екен: сұрағанын беруден бас тартса, ол елге мінезін көрсетіп қорқыта бастаған.

Жергілікті полиция бөлімшесі қайыршыны тінту барысында оның қойны-қонышынан бума-бума банкноттар төгілген. «Ішкі қалталары толы ақша, қайыршының қалтасынан шыққан осыншама көп бакноттарды бірінші рет көріп тұрмын»,-дейді жергілікті полицей Яле Полияревиус.

Мәліметке қарағанда, қайыршының қалтасынан жалпы сомасы 6 млн крон (750 мың АҚШ доллары) шыққан. Қазір ол қала тұрғындарынан ақша бопсалады деген айыппен қамауға алынды.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту