Қазақстан Республикасының премьер- министрі Бақытжан Сағынтаев ЕЭО- тың «Жаһандану дәуіріндегі сандық күн тәртібі» халықаралық форумына  және Евразия үкіметаралық отырысына қатысу үшін Алматыға келеді, дейді ҚР үкіметінің баспасөз қызметі.

Форум мен отырыс бүгін 2018 жылдың 2-ақпанында  болады. Бұл форумда Евразиялық экономикалық одақтағы ауыл шаруашылық трансформацияларды цифрландыру, өндірісті сандық жүйеге көшіру, интеграциялық жобалардың негізін қалау, технологиялық өндірістер мен инновацияның дамуы жайлы өзекті мәселелер талқыланады. Жиынға әр елдің премьер- министрлері: Армениядан - Карен Карапетян, Беларусиядан - Андрей Кобяков, Қырғызстаннан  - Сапар Исаков, Ресейден -Дмитрий Медведов қатысады және Әзірбайжан мен Тәжікстанның ресми өкілдері келеді.  

Күн тәртібінің екінші ауысымында Бақытжан Сағынтаев Евразия үкіметаралық отырысының кеңейтілген және шағын көлемді құрамында болады. Үкіметаралық кеңейтілген отырысқа Армения Республикасының, Беларусияның, Қырғызстан мен Ресейдің премьер- министрлері, сондай- ақ Евразия экономикалық комиссия ұжымының өкілі Тигран Саркисян қатысады. Кеңейтілген отырыста қатысушылар ЕЭО-қа   мүше мемлекеттердің өзара саудасы  мен макроэкономикалық жағдайы, сондай -ақ агроөндірістік кешендерінің дамуы жайлы ортақ болжамдары, осы одаққа мүше мемлекеттің жұмыскерлерін зейнеткерлікпен қамту мәселелері қарастырылады. Отырыс соңында бірнеше құжаттарды қабылдау жоспарлануда.

Евразия үкіметаралық кеңесінің бұл отырысы биылғы жылдың алғашқысы, дәл осындай отырыстар былтыр, 2017 жылы Бішкекте (Қырғызстан), Қазанда (Ресей Федерациясы), Астанада(Қазақстан), Ереванда(Армения) өткен болатын.

Дереккөз:Tengrinews.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту