Бүгін үлкен көлемді героинды қазақстан- қырғызстан шекарасы арқылы алып өтпекші болған қырғызстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі.

«Мерке теміржолы» шекара бақылау бөлімшесі із кесуші итінің көмегімен, «Бішкек-Мәскеу» пойызы арқылы екі килограмм героинды алып өтпек болған 55 жастағы Қырғызстан азаматын ұстады. Наркотикалық зат жол сөмкенің екі қабатталған түбіне жасырылған», делінген хабарламада.

Бұл жайлы мәліметтер Заң қорғау органдарының өкілдеріне жеткізілді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған