Халық банкі - рейтингтің көшбасында.

Табысты банктердің екінші орнын Kaspi bank алса, үшінші болып Цеснабанк үзеңгі қағыстырып тұр. 

2017 жылы Қазақстан Республикасындағы 32 Екінші Деңгейлі Банктердің (ЕДБ) 29- ының ағымдағы кіріс мөлшері шығыс мөлшерінен асып түсіп, пайдаға кенелтті, деп хабарлайды finprom.kz.

Алайда үш банктің шығыны Қазақстан Республикасының қалған 29 екінші деңгейлі банктерінің жиынтық пайдасынан асып түседі. Олардың кері тартып тұрған шығындарының жалпы көрсеткіші 2017 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша $ 18,7 млрдқа тең. Салыстыру үшін айта кететін болсақ, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің жиынтық пайдасы 401,8 млрд теңгені,  2015 жылы - 227 млрд теңгені құраған.

2017 жылдың шілдесіндегі айлық динамикадағы шығындар : жалпы банк секторы бойынша - минус 203.9 млрд теңге, бұл - «Qazkom» компаниясының шығыны (405,6 млрд. теңгеге жуық), енді ол Халық банкпен бірігу процесін бастады.

Бір қызығы, «Qazkom + Халық Банкі» компанияларын біріктірген жағдайдағы банктік сектор көрсеткіші  жоғарылады (Мысалға 2017 жылғы қарашадағы кірістер 12,6 млрд. теңгеге көтерілді).

Бірақ жылдың соңына қарай ҚР ЕДБ -нің жалпы көрсеткіштеріне RBK-ның шығыны үлкен ықпал етті (Шығын көлемі104,6 млрд теңге). Бұл банк секторының жалпы көрсеткіштерін тағы да төмендетті.

Осыншама шығындарға қарамастан ҚР ның 2017 жылғы ең табысты банкі болып тағы да Халық алға шықты (Табыс көзі -154,3 млрд теңгені құрады, өткен жылғыдан 30 млрд теңгеге артық).

Kaspi bank –тің табысы 73,1 млрд теңге .

Үштіктің жалғасы Цеснабанк,  табысы 2016 жылғымен салыстырғанда төрт есеге артық өскен,  47,2 млрд теңгені көрсетті.

Дереккөз: Bnews.kz

 

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту