Экстремистік бағыттағы материалдарды таратты деген күдікпен Шымкентте 12 адам арнайы операция кезінде ұсталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департаменті.

"Ұлттық қауіпсіздік органы мен ішкі істер департаменті бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде,  бүгін Шымкентте  дінаралық алауыздықты тудырды деген күдікпен 12 ер адам ұсталды. Олар Түркістан, Арыс, Кентау, Шардара, Созақ және Түлкібас аудандарының тұрғындары. Тергеу барысында анықталғандай, олар экстремистік бағыттағы материалдарды әлеуметтік желілерде таратқан", - деп хабарлады департаментте.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Осы іске қатысы бар деген басқа да азаматтар анықталып жатыр.

Дереккөз: zakon.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған