Қазақстанның өндірістік қалаларының экологиялық жағдайы күн сайын нашарлап бара жатыр. Ресейлік ғалымардың Өскемен қаласы тұрғындарының шашын зерттеу арқылы олардың шашынан ағзаға зиянды улы химиялық элементтердің бар екенін көрсетті.

Ғалымдар Өскемен қаласындағы қоршаған орта жағдайына баға беру үшін қала тұрғындарының шашын зерттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдегі Томск мемлекеттік университетінің сайтына сілтеме жасап.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, өскемендіктердің шашында жоғары мөлшерде титан концентраты, қорғасын және бірнеше ауыр металдардың түрлері анықталған.

Университетте жасалған зерттеуге химия факультеті қызметкерлерінің авторлық әдістемелері қолданылған.

«Біздің зерттеу 18-70 жас аралығындағы әйел және ер азаматтардың шаштарына жасалды. Шаштың құрамы адамға әсер ететін жоғары мөлшердегі химиялық элементтердің қоспаларын жақсы көрсетеді. Талдау нәтижелері қала тұрғындарының шашынан титан, алюминий, марганец, литий, кальций және барий элементтерін көрсетті - дейді ғалым Владимир Отмахов.

Айта кетсек, Өскемендегі ең үлкен токсинді тұман 1990 жылы қаладағы бериллий өндірісіндегі өртке байланысты шығарылған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат сайты

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту