ҚР Парламентінің Мәжілісінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласын қағазбастылықтан арылтамыз, деп хабарлады.

«Қаңтардан бастап, үш өңірде - БҚО, Ақмола және Қостанайда қағазсыз денсаулық жүйесі енгізілді. Қағазсыз жүйе кезең -кезеңімен жүзеге асады. Ақпан айында әр емделуші тегін дәрілер мен қызмет көрсету сапасы жайлы медициналық қызметтерді смс-хабарлама арқылы алып отырады», – дейді Елжан Біртанов.

 

Министрдің айтуы бойынша, қазақстандықтар бірінші кварталдың соңына қарай уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы мен писхоневрологиялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы тіркеуде бар-жоқтығы туралы  анықтама қағаздарын «электронды үкімет» порталы арқылы ала алады.   

«2018 жылы маусымда денсаулық құжатының электронды түрі мен интеграционды платформаны пилоттық жүйеде енгіздіру жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін медицина  саласын ақпараттық жүйемен толық қамтимыз», – деп сөзін нақтылай түсті министр мырза.

Дереккөз: zakon.kz

 

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту