Ақтөбе қаласының Алға қаласында әкім Бердібек Сапарбаев «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында көп қабатты тұрғын үй пәтерлерінің кілтін жаңа қоныс иелеріне табыстады, деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Бес қабатты үйде 60 пәтер бар. Оның бесеуі - бір бөлмелі, отызы – екі бөлмелі, жиырмасы –үш бөлмелі, бесеуі - төрт бөлмелі. Әр пәтердің жалпы ауданы 31- ден 79 шаршы метрге дейін жетеді.

Үкіметтің шапағатына бөленгендер - 12 тұл жетім мен тастанды бала, әлеуметтік жағдайы төмен 19 отбасы, 18 мемлекеттік  жұмыскер, сондай -ақ баспанасы сын көтермейтін апатты жағдайдағы жанұялар. Қалған 10 пәтер бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне жалға берілді.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырысымен «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша  баспанамен қамту арқылы Қазақстан азаматтарының әлеуметтік жағдайын көтеру іс -шарасы сәтімен жүзеге асуда. Өткен жылы облыс тарихында алғаш рет 793 000 шаршы метрлік тұрғын үй салынды. 6800 ақтөбелік жанұя жаңа қонысқа ие болды. Мұның бәрі мемлекеттік қолдаудың арқасы. Бұл бастаманы тек Ақтөбе аясында ғана қалдырып қоймай, облыстың барлық орталық аудандарда да жүзеге асырамыз», деді облыс әкімі Сапарбаев.

«Төрт балам бар. Осы уақытқа дейін туысқандарымыздың үйінде тұрып келдік. Бұл күнде үш бөлмелі пәтердің кілтін алып, төбеміз көкке екі елі ғана жетпей тұр», дейді облыстық жетімдер үйінің түлегі Ольга Васильева.

Алға елі үшін тағы бір сүйінші хабар,  таяуда 60 пәтерлі бес қабатты үй өз иелеріне табыс етілетін болады. Болашақта 120 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысын салу жоспарда

Дереккөз: tengrinews.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған