Көктемде өтетін Халықаралық франкофони күні мейрамы қарсаңында Франция әртістері Димаш Құдайбергеновпен кездесеміз деп отыр.

Бұл туралы Қазақстандағы Франция елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі Гий Касперский хабарлайды.

 «Біз Димаштың француз тілінде ән салатынын білеміз. Франция елшілігі дарынды әншімен жұмыс істеуде. Ол - Қазақстанның мақтанышы, оны Франция елі жақсы біледі, құрметтейді. Тіпті Францияда Димаштың жанкүйерлер клубы бар. Олар Димашпен кездесуді армандап жүр. Халықаралық франкофонии күні мейрамында қазақтың жезтаңдай әншісі французша ән салады деп жоспарлаудамыз», - деді Гий Касперский, «Париж-Ақтөбе: Дебюссиден Жұбановқа дейін» атты өткен сенбіде болған концерттен соң.

Дәл қазіргі таңда Димаш Қытайдың  «BG Talan» компаниясымен 1,5 жылға келісімге отырған. Ол келісім-шарт бойынша қытайдың Джанш пен Фуджоу қалаларында концертін береді.

Дереккөз: dailynews.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту