Соңғы мәліметтер бойынша, құрбан болғандардың саны -  95-тен жоғары, ал жарақат алғандар - 158.

БҰҰ Бас хатшысы  Антониу Гутерриш пен БҰҰ ҚК Ауғаныстан астанасы Кабулдағы үкімет үйінің жанында болған терактіні  қанқұйлы қылмыс деп санайды. Бұл туралы БҰҰ Жаңалықтар орталығы хабарлайды.

БҚҚ ҚК терактіні жасаған, оны ұйымдастырып, қолдаған топтардың жауапкершілікті тез арада өз  мойнына алуын сұрады.

БҰҰ Бас хатшысы бейбіт адамдардың өміріне қатерлі қауіп төндірген - адам құқына қол сұғудың, халықаралық гуманитарлық құқықтарын қатаң бұзудың бұл түрі ешқашан ештеңемен ақталмайтынын айтады.

Антониу Гутерриш қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі. Сондай- ақ Ауғаныстан елі мен үкіметіне қайғырып көңіл айтты.

Теракт 27 қаңтар күні Вазир-Акбар-Хан дипломатиялық кварталында орын алды. Үндістан елшілігінің, Сыртқы істер министрлігінің және Әлем істері жоғарғы кеңесінің бұрынғы ғимаратының екі бақылау пунктінің ортасында жедел жәрдем машинасы жарылған.

Кабулдағы терактіні "Талибан" исламдық қозғалысы өз мойнына алды.

Жарылыстан зардап шеккендердің арасында  қазақстандықтар жоқ, деді ҚР СІМ Баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Еске салар болсақ, 20 қаңтар күні Кабулдағы Intercontinental қонақүйінде террористердің шабуылынан 18 адам қайтыс болып, оның ішінде бір қазақстандық та көз жұмған еді.

Дереккөз: Informburo.kz

 

 

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған