Еліміздегі аяздың күшеюуіне байланысты жолаушылардың жайын ойлап, пойыздың жылдамдығын азайту туралы шешім қабылданды, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ- ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жағдайға байланысты жолаушылардың түсіністікпен қарауын өтінеміз. Вагон ішінде жолаушылардың жол бойы тоңбауын, қалыпты температураның сақталуын қатаң қадағалаймыз", - деп түсіндірді «Жолаушылар тасымалы» АҚ.  

Сондай- ақ, осы күндері барлық ұлттық тасымал құрылымдарының бөлімшелері ерекше режиммен жұмыс істейді.

"Казгидромет"- тің хабарламасына сай бұл әбігерліктің бәрі елімізге келіп жеткен антициклонның арқасы. Метеорологтардың келтірген мәліметтері бойынша, қазақстандықтарға әлі бір апта аязға шыдауға тура келеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған