Осы жылы жұмыссыз әйелдердің бір жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақысы үшін мемлекет республикалық бюджеттен 36, 8 млрд теңге бөлетін болды, -деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі ҚР ның Еңбек және Әлеуметтік Қорғау Министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «2018 жылы жұмыссыз әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақы үшін республикалық бюджеттен 36, 8 млрд теңге бөлу қарастырылды. Жәрдемақы көлемі бала санына байланысты. Бірінші бала үшін-13 853  теңгеден басталып (екіншісіне -16 379 теңге, үшіншісіне - 18 880 теңге)  21 405 теңге көлеміне дейін (төртінші және одан көп балалы үшін) берілетін болады», дейді.

Жұмыссыз әйелдерге берілетін бұл жәрдемақы республикалық бюджеттен бөлінеді, ал жұмыс істейтіндерге - мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан беріледі.

2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 74,1 млрд теңге әлеуметтік төлемдер берілді. Осы әлеуметтік төлемді бір жылда орташа есеппен 230,9 мың адам алды. Яғни төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40 %-ын құрады. Ал 2014 жылдың басынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста жүргенде, міндетті зейнетақы жарналары субсидияланады, бұл жинақталған зейнетақы қаражатының ұлғаюына ықпал етеді. Осы аралықта (2014-2017 жылдары) республикалық бюджеттен зейнетақы жарналарын субсидиялауға жалпы 16,5 млрд теңге жұмсалды.

Дереккөз: Қазақпарат.

 

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған