АҚШ-тың ақшасы  бір ай ішінде 320 теңгеге дейін арзандады, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Ұлттық валютамыздың құны көтерілуде. 25  қаңтар күнгі күндізгі сауда бойынша бір доллардың құны 319,64 теңгені құрады, -деген ақпарат таратты  KASE тілшісі.  Осы күнгі таңғы сессия қорытындысы бойынша бір доллар 320,04 теңге деп есептелінген.

Күндізгі сауданың бірінші мәмілесі бір долллар үшін  319,80 теңгені құрады. Бағаның минимальды көрсеткіші 319,35 теңге, ал максимальды құны - 320,40 теңге болды. Сауда көлемі 130,5 миллион доллар болған. Kurs.kz келтірген мәлімет бойынша, ақша айырбастау бөлімшелеріндегі ұлттық валютамыздың курсы бір доллар үшін 317-321,5 теңгені көрсетіп тұр. Ал Астана уақыты бойынша 16.00 кезінде  Brent маркалы мұнайдың баррелі 70,81 доллар.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту