Алып шаһардың базарынан тағы да өрт шықты.

Бұл жолы «Жібек жолы» базарында орналасқан Техникалық жөндеу орталығы отқа оранды. 

 «25  қаңтар, күндізгі сағат 10:20 –ның кезінде Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне Алатау ауданы, Райымбек даңғылы 517 мекен- жайында  орналасқан ТЖО-ның өртеніп жатқаны туралы шұғыл қоңырау соғылды. Өрт сөндірушілер сегіз минутта сол жерде болды. Өртті сөндіріп жатыр», деген ақпарат берді Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Алдын- ала алынған мәліметтер бойынша, тілсіз жау 160 метр шаршы жерді шарпып үлгеріпті.

Дереккөз: total.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған