"Фобос" ауа райы орталығының жетекші маманы  Евгений Тишковец КТК телеарнасына берген ақпаратында Қазақстандағы аяздың соңын ала бере, күннің күрт жылынатынын айтты.

Алматыда ақпан айында 20 градус жылы болады деп күтілуде. "Әрине ақпанның ортасында осындай болжамға сенбес едім. Бірақ бүгінгі жаңа гидродинамикалық үлгідегі соңғы құрылғылардың арқасында  бес -жеті күнге дейінгіні дәлдікпен болжай аламыз, ал одан ай алдыңғы болжамдардың 60 пайызы шындыққа келіп жатады. Қақаған қыстың ортасында мұндай күрт жылу құбылысы 30-40 жылда бір қайталанатынын ескерсек, биылғы қыс тосын сыйымен есте қалмақ. Әділетті болу үшін айтып кетер болсақ, 2016 жылғы рекордтық жылу көрсеткіші плюс 21,6 градус болған", - деді Москвадан бейнебайланысқа шыққан синоптик.

Синоптиктің сөзіне сенсек, Қазақстан әлі қаһарлы қыстың кәрін көрмепті. "Қаңтардың қысы қылышын сүйретіп, бүгін түнде Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарына барады. Тіпті метеорологиялық бақылау көрсеткіштерінің ішіндегі рекордық деңгейге жететін қырық градустан асатын аяз болады деп күтілуде. Сөзіміздің дәлелі, Павлодар мен Чемалда осы уақытқа дейін болмаған аязды күндер әлден орын алды.  Сібірдің суығы Қазақстанның солтүстігін түгел қамтиды, бұл ызғар денсаулығы мықты адамдардың өзіне  250 метр тереңдіктегі шахтаға түскендей әсер қалдырады.  Бұл ауаның артық салмағы іспетті, демек қосымша қысым. Демек әдеттегі ауадан аязды күнгі ауа 40 пайызға ауыр болмақ, яғни оттегінің жетіспеушілігіне әкеледі", - деді маман.

"Қазіргі аяз суықтың соңы емес. Саршұнақ аяздың сынағы әлі алда. Апта соңына қарай аяздың антициклоны Астанаға қарай ойысады. Астана тұрғындары ауа қысымының үлкен күшін сезінеді. Сосын Арктиканың мұзды ауасын Қазақстанның шығысы мен оңтүстік өңір тұрғындары да жұтатын болады ", - деп хабарлады Тишковец. "Осы сенбі, жексенбі күндері аязды күндер Алматыда да қайталанады, тіпті 49 жыл бұрынғы жазбаны өзгертетін аяз болуы да ғажап емес.  Астанада демалыс күндері түнде -32...-37 градус, күндіз -25...-30 градус, Алматыда таңертең -20...-25 градус, жексенбі күні -25...-30 градус, күндіз -14...-19 градус, жексенбіде -19...-24 градусты көрсетеді. Бұл жағдайда аяздың шырқау шыңы жексенбі күні жетеді. Келесі аптаның ортасына қарай ауа райы бір қалыпқа түседі", - деген болжам жасады, "Фобос" ауа- райы орталығының қызметкері.
Дереккөз:Tengrinews.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту