Колледждің 1-2 курс студенттері мен мектеп оқушылары ертең тағы да сабаққа бармайтын болды. Синоптиктердің болжамы бойынша Астанада -35С аяз күтілуде.

Астанадағы Білім Басқармасы аяз күндері болмаған сабақтың демалыс уақытына еш әсер  етпейтінін айтты.

«Демалыс уақыты өзгеріссіз қалады. Бағдарламадан қалмас үшін мектепте арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады. Оқу бағдарламасының толық орындалуы Білім Басқармасының тікелей қадағалауында. Мұндай бет қаратпайтын аязды күндер Астана үшін таңсық емес, жыл сайын қайталанатын үскірік аязға біз үнемі дайын отырамыз», - деді.

Жалпы Қазақстанда аяз енді-енді күшіне еніп жатыр,- деп хабарлайды «Казгидромет».

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған