ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты РФ-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарниковпен кездесті,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың берік орнауына ерекше үлес қосқан, он бір жыл бойы қызмет еткен Михаил Бочарниковке Елбасы үлкен разылығын білдірді. Ол Америкаға барған сапарында Ресей мен Америка арасындағы байланысқа да ерекше мән бергенін атап өтті.  

- Сіз Ресейдің Қазақстандағы елшісі ретінде 11 жыл қызмет атқардыңыз. Бұл жылдар ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас нығайды. Біз дипломатиялық байланыстарымыздың 25 жылдығын атап өттік. Өңіраралық ынтымақтастығымыз дамып, жоғары деңгейдегі сапарлар мен кездесулеріміз жиілей түсті. Біздің серіктестігіміз – мемлекетаралық қарым-қатынастың жарқын мысалы, – деді Қазақстан Президенті.

Ал өз тарапынан Михаил Бочарников елбасының БҰҰ ҚК -не төрағалық еткенін жоғары бағалап, ел президентінің жаһандық қауіпсіздікті нығайту қағидаларын құрметтейтінін жеткізді. «Қазақстанда 11 жылдан астам атқарған қызметім барысында елдеріңізге деген ризашылық сезімім арта түсті. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуы және бұл органға төрағалық етуі елдеріңіздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі маңыздылығын көрсетіп отыр, – деді Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі. 

Елшімен болған кездесудің соңында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Бочарниковты «Достық» орденімен марапаттады

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту