17 қаңтарда сағат 03.20 шамасында Мемлекет басшысының «Ақорда» резиденциясының қақпасына соғылған көліктегі полицейлер қызметтерінен босатылған.

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді.

«Жол апатын жасаған қызметкерлер ішкі істер органдарынан босатылды. Әкімшілік өндіріс мәселелері ішкі істер органдарының құзыретінде, ал оларды әкімшілік жауапқа тарту туралы шешімді сот қабылдайды», - деді А.Лукин.

ҚазАқпараттың жазуынша, оқиға 17 қаңтар күні сағат 03.20 шамасында болған.  Астана ІІД ӘПБ арнайы батальонының инспекторы, полиция лейтенанты  Е. Иманбеков мас күйінде мемлекеттік нөмірі 420 ULA 01 Porsche Cayenne көлігін басқарып келе жатып, Ақорда резиденциясы қақпасының тіреуіне соғылған. Көлікте взвод командирі, полиция капитаны Г.Жұмахметов (машина иесі) болған. Ол оқиға орнынан бой тасалаған. Ведомство мәлімдегендей, оқиғаға кінәлі Е Иманбеков пен оның бастығы -  взвод командирі, полиция капитаны Г.Жұмахметов ҚР Ішкі істер органдары қызметінен босатылды. Ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарын нашар жүргізгені үшін аталмыш бөлімнің басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған