Күн қатты суытып, аяз көтерілуіне байланысты Астана әкімдігі қаладағы мекемелерге қысқартылған жұмыс күнін жариялауды ұсынды. 

  «Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында Астана әкімдігі өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық жәрдем, Астана қаласының ІІД, ТЖД, коммуналдық қызметтер сияқты қала тіршілігін қамтамасыз ету мекемелерінен өзге мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік (базарлар, СОСО) және құрылыс нысандарының басшыларына қысқартылған жұмыс күнін жариялауды ұсынады», - деп жазды Астана әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева Фейсбуктегі парақшасына. Сондай-ақ, әкімдік барлық құрылыс компаниясы мен шағын және орта бизнестің басшыларына қатты аяздан жұмысшылардың қауіпті жарақат алуына байланысты ашық аспан астындағы жұмысты тоқтатуға кеңес берді. 

Еске сала кетейік, Астанада 22 қаңтардан басталған қатты аяз осы аптаның соңына дейін сақталады. Термометр бағаны әзірдің өзінде  -33 градус, шынайы сезілу тұрғысынан -40 градус төңірегінде болып тұр.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған