Ақтөбедегі 52 адамның қазасына әкеп тіреген аварияға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстанның заңына сәйкес кінәлі адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айрылады.

Ақтөбе облысының ІІД сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады. «Оқиға деректері ҚР ҚК  345 бабы 4 бөлімі бойынша (Жол ережесін бұзу немесе жүргізушінің жауапсыздығынан екі немесе одан де көп адамның өліміне себепкер болу) Сотқа дейінгі Зерттеудің Бірыңғай Есебіне тіркелді. Автобуста тірі қалған адамдар сұралуда»,- деді Ақтөбе облысы ІІД -нің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Полицейлер келтірген деректер бойынша, қайтыс болғандардың денесі оқиға орнында жатыр, Марқұмдардың денесі облыстық орталыққа жеткізіледі.

ОҚО көлік инспекциясының айтуынша, автобустың Өзбекстан шекарасында орналасқан Жібек жолы автобекетінен Казанға қарай бет алғаны анықталды.  «1989 жылы шыққан автобустың иесі Ордухан Мехтиев Шымкент қаласында тіркеуде, дегенмен, мекен жай бойынша көрсетілгендей көпқабатты үй емес, жеке үй тұр. Және онда басқа отбасы тұрып жатыр»,- дейді ОҚО Көлік бақылау инспекциясының бастығы қызметін атқарушы Олег Петухов.

Сондай- ақ көлік инспекциясының айтуынша, автобус техникалық тексерістен жылына екі рет өту керек, ал бұл автобус соңғы рет  2015 жылдың маусымында өткізілген. Өртенген автобустың иесі Ордухан Мехтиевтің атында екі автокөлік: Kassbohrer-дің тіркемелері бар екен.

52 адамға ажал құштырған апатты жағдай 18 қаңтар күні таңертең орын алды. 55 жолаушысы, екі жүргізушісі  бар автобус Өзбекстаннан Ресейге қарай жүріп келе жатқан. Алдын-ала дерек бойынша, автобустың электр сымдары тұйықталып,  артынша дереу отқа оранған. 52 адам сол жерде жантәсілім етті. Ажалдан аман қалған бесеудің үшеуі- ОҚО-ның тумасы, екеуі - Өзбекстан азаматы. Олар:

Исаков Ахрор - 1988 жылы туған. Өзбекстан азаматы.

Мирзахмедов Исроилджаон -1980 жылы туған. өзбекстандық.

Пернебеков Максат - 1985 жылы туған, ОҚО тұрғыны.

Кыргызбаев Нуржан - 1968 жылы туған, ОҚО тұрғыны.

Танатаров Барат - 1978 жылы туған, ОҚО тұрғыны.

Дереккөз: informburo.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту