М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләл кепілдік ретінде ақша төлеп, бостандыққа жіберілді

.

2018 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласының Медеу аудандық №2 сотының Тергеу судьясы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директорына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепілге ақша алу туралы шешім шығарды. 1 миллион 250 мың теңге көлемінде кепіл төленді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Ерлан Біләл сотқа дейінгі тергеу органдарының мәліметінше, "Сезам" қоғамдық қайырымдылық-шығармашылық қорының жетекшісінен 2017 жылдың 23 желтоқсанынан 2018 жылдың 7 қаңтары аралығында бірлескен театр қойылымдары жайлы құжатқа қол қойдыру үшін 900 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікті ретінде қамауға алынған болатын. 

Дереккөз: Tengrinews.kz.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған