Екі мыңнан астам балабақша мен шағын-орталықтар жекеменшік қаржыға салынды, деп хабарлайды БжҒМ-нің вице-министрі Бибігүл Асылова.

«Елбасының тапсырымен жүзеге асып жатқан «Балапан» бағдарламасы жеке кәсіпкерлерден инвестиция тартудың жарқын үлгісі болуда. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында жеке кәсіпкерлердің есебінен елімізде 2336 балабақша мен шағын-орталықтар ашылды», деді вице-министр дүйсенбі күні өткен Үкімет үйіндегі баспасөз жиналысында.  

Бибігүл Асылова келтірген деректе соңғы жеті жылда бағдарламаны жүзеге асыруға 900 млрд  бөлініпті.

«Бұл күнде министрлік осы қарқынмен жұмысты әрі қарай жалғастыруда.  Былтырғы білім туралы заңға енген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысын жекеменшік мектептерге де беруге болады», деп қорытындылады.

Дереккөз: www.time.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған